Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазда «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен отандық көліктер сатыла бастайды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2019
  • 2852

Жазда «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен отандық көліктер сатыла бастайды. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.  

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл ұсынысты мемлекеттік органдармен және банктермен бірінші жартыжылдықта пысықтаймыз. Бағдаралманы екінші жартыжылдықта іске қосуға дайынбыз.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Астанада «супер шұжық» зауытын жыл аяғында салынатынын айтты. Жоба құны - 5 млрд теңге. Еске салайық, оны Үкіметтің өткен кеңейтілген отырысында Президент тапсырған болатын.   

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

20 мың тонна ет өңдейді. Еуропадан алынған жабдықтар орнатылады. 150 адамға жұмыс орны ашылады. Қазір Астана қаласы әкімдігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. 3,5 гектар жер бөлінді. Құрылыс басталып кетті.

А. Сейфулла