Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады. Вьетнам, Хорватия, Жапония, Чех және Тәжікстанның дипломаттары мемлекет басшысына салтанатты жағдайда сенім грамотасын табыстады. Бірінші болып Вьетнам Елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань ханым шықты. Жұбайымен бірге келген. Ал, жапондық дипломат елден ерекше ұлттық киімі кимономен келген. Ол күншығыс еліне тән кішіпейілділік пен ізеттілік танытып, Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақша тіл қатты.
Президент дипломаттар адында тағы да әлемдік маңызы бар мәселелерге назар аударды. Әсіресе, жетекші ядролық мемлекеттер арасындағы текетірес әлем жұртшылығын алаңдатып отырғанын айтты. Жуырда ғана АҚШ пен Ресейдің кіші қашықтықтағы зымырандар бойынша келісімнен шығуы қауіпті болып тұрғанын атап өтті.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Осы орайда орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың бұзылу қаупін ерекше атап өткен жөн. Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың болуына жол бермеу үшін, алдын алу үшін жұмыс істеуі қажет. Бұл біздің бүкіл адамзат алдындағы тарихи жауапкершілігіміз болып саналады.
М. Дюсекина