Русский Сайттың толық нұсқасы

«Талибан» қозғалысы мен ауған саясаткерлері елде бейбітшілік орнату үшін Мәскеуде келіссөз жүргізіп жатыр

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2019
  • 4843

«Талибан» қозғалысы мен ауған саясаткерлері елде бейбітшілік орнату үшін Мәскеуде келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу Ресейдегі Ауған диаспорасының ұйытқы болуымен басталған. Оған Кремль мен Сыртқы істер министрлігі қатысып жатқан жоқ. Ресми Кабул бұл кездесуге күмәнмен қарайды. Ауған саясаткерлерінің делегациясын Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай басқарған. Ол бұл кездесуді өте жоғары бағалап отыр. 

Хамид КАРЗАЙ, АУҒАНСТАННЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Бұл жақсы құрамдағы жақсы кездесу. Қалғанын ресми түрде кейінірек айтатын боламыз.

Бұған дейін Дональд АҚШ пен тәліптер арасындағы келіссөз бейбіт жолмен шешілгелі тұрғанын мәлімдеді. Жақында АҚШ мемлекеттік департаментінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзада Ауғанстанға ат басын бұрған еді. Америкалық дипломат ауған билігінің қатысуынсыз тәліптермен келіссөз жүргізіп, айтарлықтай прогресс барын, тіпті америкалық әскерді елден шығару мәселесінде де бір мәмілеге келгендерін мәлімдеді.  

Г. Меңдеева