Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Солтүстік Қазақстанның үш тұрғыны шетелде демалып жүріп, "денге" қызбасын жұқтырған

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2017
  • 3128

Биыл Солтүстік Қазақстанның үш тұрғыны шетелде демалып жүріп, "денге" қызбасын жұқтырған. Бұл жайында эпидемиолог мамандар хабарлайды. Тайланд пен Вьетнам елдерінде тыныққан жұрт курорттан оралар сәтте жоғары температурамен төсекке таңылған. Дәрігерлер сараптама жұмыстарының нәтижесінде науқастардың безгекке шалдыққанын анықтады. Ақ халаттылардың ем-домынан соң қызылжарлықтар көп ұзамай аурудан айыққан. Оны тек масалар ғана тарататын көрінеді. "Дерттің белгілері тұмауға өте ұқсас", - дейді құзырлы мекеме өкілдері. Алайда "денге" қызбасы кезінде адамның кеудесі мен арқасында бөртпелер пайда болады. Ол көбінесе Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Америка елдерінде кеңінен таралған. Яғни климаты ыстық елдерде оны жұқтыру қаупі өте жоғары. Дәрігерлердің пайымдауынша, «денгенің» кесірінен адамдардың бақилық болуы да жиі кездеседі.

Толқын Қаженова, СҚО қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын әлемде 50 млн жағдайға дейін тіркеліп отырады. Оның 20 мыңға жуығы өліммен аяқталады. Біздің елде биыл 5 адам жұқтырды. Үшеуі Қызылжар өңірі, бір адам Алматы облысында және тағы бір адам Шығыс Қазақстан аймағында науқастанған. Абырой болғанда, өлім-жітім фактілері тіркелген жоқ.

Абзал ҚҰРМАНКИН