Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы зейнетақы жүйесінде елеулі өзгерістер болады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2017
  • 2583

Жаңа жылдан бастап зейнетақы 20 пайызға көбейеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. 1-ші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы көлемі 8%, базалық зейнетақы және өзге де жәрдемақы төлемдері 6%-ға артады. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі  бүгінде 24 459 теңге болса, енді ол 16 пайызға көбеймек. Мұнан өзге 2018 жылдың шілде айынан бастап қазақстандықтардың зейнетақы қорына жинақталған жарнасы ескеріле отырып, 1998 жылға дейінгі де және одан кейінгі де еңбек өтілі есептеледі.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Орташа зейнетақы мөлшері бүгінгі күні 56 мың теңгені құрап отыр. Зейнеткерлер арасынан барлығы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде алып отырады. Келесі жылдың басында ең төменгі күнкөріс структурасы да өзгереді.