Русский Сайттың толық нұсқасы

Google, Electronic Arts компанияларының програмистері қазақстандық ІТ мамандарға дәріс оқыды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2019
  • 2875

Google, Electronic Arts компанияларының програмистері елдегі ІТ мамандарға дәріс оқыды. Ғалымдар оқушылармен бейнебайланысқа шығып, ІТ саланың қыр-сырын түсіндірді. Телекөпір «Нұр Отан» партиясының 1000 тегін ІТ-сынып партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бүгінде 800-ден аса ІТ сынып ашылған. Онда 32 мыңнан астам оқушы білім алады. Телекөпірге олар да қатысты.  

Сәуле БАҚТЫМБЕТ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Телемост ІТ сынып оқушыларының білімін шыңдау үшін жасалды. Қатысушыларға Стэнфорд, Пенсильвания университеттерінің профессорлары дәріс өткізді. Шетелдік спикер ретінде Google, Electronic Arts өкілдері де қатысты. Балаларға өте қызық болды.

Ілияс ҚОСҚАН, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:  

Бүгінгі партия ұйымдастырған шара біз үшін өте маңызды. Әлемнің мықты мамандарынан кеңес алдық. Биологиядағы «ІТ» Google Х-тің инновациялық өнімдері туралы әңгімелестік. Керекті ақпарат өте көп болды.

У. Қабылтай