Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да кен орнының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етті

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2019
  • 4208

Еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны 100 пайыз көтерсін. Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан компанияның мердігері «ККС Сичим» кәсіпорнының 200-дей жұмысшысы осындай талап қойды. Жұмысшылар еңбек жағдайының ауыр екендігін, ал жалақысы 80-90 мың теңге болатынын жеткізді. Сондықтан вахталық жұмыс кестесін өзгертуді ұсынды. Осы талаптарын қағазға түсіріп, арызын аудандық прокуратураға жолдаған. «Сичим» компаниясының басшысы, жергілікті әкімдік өкілдері және еңбек инспекциясының мамандары жұмысшылармен келіссөз жүргізген. Осыдан соң қайтадан жұмыстарына кірісті. Олардың ұжымдық өтінішін құзырлы органдар тексереді. Айта кетелік, Атырауда тіркелген «ККС Сичим» компаниясы мұнай-газ магистральды құбыр желілерін жүргізумен айналысады. 

Артур БАТЫРОВ, БҚО БОЙЫНША ЕҢБЕК ИСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

«Сичим» ЖШС атқарушы директоры Құлбаева еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 50 пайызға арттыруға уәде берді. Келіссөздер жүргізілгеннен кейін қызметкерлердің бір бөлігі аудан прокурорының атына ұжымдық өтініш жазды. Жұмысшылардың шағымы Еңбек инспекциясына қарау үшін жолданды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, қызметкерлер жұмысқа кірісті.

Е. Карин