Ақпан соңында күн күрт жылып, Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Бұл жайлы бүгін «Қазгидромет» маманы мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл қар қалың болмақ. Тіпті, алдағы айларда бір күнде бір айлық норма қар түсуі мүмкін деген жорамал бар. Ал, ақпан айының аяғында ауа температурасы көтеріліп, қар еруі ықтимал. Топырақ ылғал тартқандықтан Ақмола, Солтүстік өңірді де су шайып кетуі мүмкін.
Дидар ЖӘНІБЕКҰЛЫ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ГИДРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ақпанда және наурыз айында кей күндері ауа райының температурасы жоғарылап қардың еруі, ылғалды су еріп, су деңгейлерінің көтерілу көрсеткіштері болуы мүмкін. Ол жағдайда біз «Қазгидромет» тиісті жергілікті органдарға алдын-ала екі үш күн бұрын хабар тарататын боламыз.