Былтыр осы «100 жаңа есімге» енген Нұржан Әлтаев бүгін депутат атанды.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты жаңа сайланған әріптесімізді барша депуттардың атынан құттықтаймын.
Жаңадан сайланған депутат жалпы отырыс барысында ант берді. Нұржан Бауыржанұлы осыған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. Айта кетейік, Әлтаев бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтің орнына келді. Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне ауысқан болатын.
М. Дюсекина