Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналистер Ұлттық экономика вице-министрінің жынына тиді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2019
  • 2610

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанда жұмыс істей бастағалы 800-дей әйелдің ісін қолдауға 75 млн доллар бөлген. Бұл туралы Астанада өткен жиында қаржы ұйымының басшысы Агрис Прейманис айтты. Банк мәліметіне сүйенсек, Орталық Азияда қазақ әйелдерінің бизнес-жобаларына көп қаражат бөлінген. Инвесторлар биылғы жылы Қазақстанға құйылатын инвестиция көлемін былтырғы 540 миллион доллардан кем қылмаймыз деп отыр.  

Агрис ПРЕЙМАНИС, ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Біз былтыр 540 млн доллар құйдық. Биыл да кемі осынша қаражат жұмсалады. Банк Қазақстанда жұмыс істегелі ел экономикасына 9 млрд доллар құйды. Қазір портфель 2,7 млрд долларды құрайды, инвестицияның барлығы дерлік табысты.

Банк басшысы жоспарымен бөліскен жиынға Үкімет мүшелері де қатысты. Журналистер Ұлттық экономика вице-министрінен тариф туралы ақпарат суыртпақтамақ болған еді. Алайда, Серік Жұманғарин тақырыптан ауытқыған тілшілерге жыны келіп қалды.  

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мероприятие про МСБ. Вы здесь пришли про тариф спрашивать? Приходите ко мне официально, я все расскажу от и до. Жынымды келтірмеңізші!

Кейін вице-министр бұл сөзі үшін журналистерден ресми түрде кешірім сұрады. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада шенеунік өзінің ыңғайсыз жауап қатқанын мойындаған.  

Г. Меңдеева