Русский Сайттың толық нұсқасы

«100 жаңа есім» ұлттық жобасының екінші кезеңі аяқталды

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2019
  • 3210

«100 жаңа есім» ұлттық жобасының екінші кезеңі аяқталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жеңімпаздармен кездесті. Биылғы жаңа есімдер саны 100 емес, 29. Оған қатысуға былтыр 2388 өтініш түскен. Екінші кезеңге 200 үміткер іріктеліп, онлайн дауыс беру кезінде озғандар бүгін Президентке жетістікке қалай жеткендерін айтып берді. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш халықаралық фотожурналист те, жүзуден мүгедек әлем чемпионы да, кәсіп жолын еден жуудан бастаған бизнесмен де бар. Президенттің алдына шыққанда толқып, көзіне жас алғандары да болды. Соның бірі - Cleaning компаниясының басшысы Лорион Лян. Жоғары білімі жоқ. Бірақ, ерінбей еден жуып, талмай еңбектенудің арқасында бүгінде 5000 адамға жұмыс беріп отыр. Елбасы оның табандылығын басқаларға үлгі етті.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Убирать квартиры не позорно. Позорно будет безработным несчастным. Столько работы. Иногда встречаешь ребят, которые закончили Оксфорд, Кэмбридж. Но ничего не добился. От человека зависит все это. Армандау керек.

Жеңімпаздардың бірі - жас акробат Никита Амоскин. Қарағандыда Спорт және дене шынықтыру факультетінде оқиды. Күніге екі сағат автобуспен қалаға жетеді, кешке спортзалда 3-4 сағат дайындалады. 10 жыл бойы осы бір дағдысынан таймаған ол акробатикадан Азия чемпионы.  

Никита Амоскин: 

Уважаемый Нурсултан Абишевич! Вот так я провожу каждый день с девяти лет. Шесть раз в неделю на протяжении 10 лет.

-Не надоедает?

-Нет, конечно, я считаю, что именно так становятся чемпионами.

-Я поэтому задал вопрос, что успех достигается регулярностью. Взялся, поделал, устал, отошел - так не будет ничего, правильно? 10 лет регулярно - это движение к мечте, не останавливайся.

А. Сейфулла