Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұдан былай Францияға бару оңай және жылдамырақ болады

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2019
  • 3647

Бұдан былай Францияға бару оңай және жылдамырақ болады. Астанада жаңа виза бөлімі ашылды. Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ бұған дейін құжаттарды Алматыға жіберу керек болғанын атап өтті. Жаңа бөлімнің ашылуы шенген визасын алу процесін айтарлықтай жылдамдатады. Елшінің айтуынша, енді сапарға үш күн қалғанда виза алуға өтініші білдірсе жеткілікті. Сондай-ақ, Мартинэ шенген визасын алу өте қиын деген пікірді аңызға теңеді. Еске салайық, Париж және басқа да қалалар қазақстандықтардың барғысы келетін саяхат орны болып табылады. Алайда, былтыр Францияға қанша жерлестеріміздің барып демалғанын елшілік нақты айта алмады. 

Филипп МАРТИНЭ, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: 

Осының бәрі Францияға жол-сапарды жеңілдету үшін жасалып жатыр. Ары қарай Шымкент, Өскемен, Атыраумен жұмыс істеуді ойлап отырмыз. Біздің пайымымыз бойынша, бірқатар қалада көпшілік бар. Әзірге қай жерде не ашатынымызды жария ете алмаймыз. Мобильдік қызмет көрсетуіміз мүмкін. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі қадам соның алғашқысы.

З. Санай