Русский Сайттың толық нұсқасы

Денсаулық сақтау министрлігі «Эреспал» препаратының тіркеу куәлігін қайтарады

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2019
  • 4600

Адам денсаулығына аса қауіпті деп танылған «Эреспал» препараты енді елде сатылмайды. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің тіркеу куәлігін қайтарып алмақ. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Айта кетейік, «Астана» телеарнасы кеше препараттың елде емін-еркін саудаланып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Дәріні өндіруші Франция компаниясы елдегі Фармация комитетіне препаратты қолданбау туралы 12 ақпанда ақпарат жолдаған. Енді «Эреспал»-мен қатар құрамында фенспириді бар басқа да дәрілер сатылымнан алынуы мүмкін. Әзірге дәрінің жағымсыз реакциясы туралы дерек тіркелген жоқ.  

А. Бектас