Русский Сайттың толық нұсқасы

Соттағы мемлекеттік баж құны көтерілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2019
  • 3932

Елімізде соттағы мемлекеттік баж құны көтерілуі мүмкін. Осылайша ұсақ-түйек істерді қысқартып, бірінші сатыдағы судьялардың жұмысын жеңілдету көзделіп отыр. Сот табалдырығын тоздырмай-ақ шешімін табатын арыз-шағымдардың саны жыл санап артып келеді. Мәселен, 2016 жылы соттардың қараған істері мен материалдарының саны 1,7 миллионға жеткен. 2017 жылы - 2,7 миллион. Ал, былтыр өсім 68% болды, яғни, сотта 4,5 миллион іс пен материал қаралған. Егер, ешқандай шара қолданылмаса, биыл соттар қарайтын істер саны 9 миллионға жетуі мүмкін. Бұл сандарды Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов келтірді. Аталған мәселені бүгін сенат депутаттары да көтерді.  

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Мемлекеттік баждың соттардағы мөлшері өте төмен. Мысалы, көршімен соттассаңыз, 1200 теңге төлейсіз, ажырасу 720 теңге, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдардың жеке тұлғалардың қысым жасайтын заңсыз іс әрекеттеріне 950 теңге төлейсіз.  

Салыстыратын болсақ, өзге мемлекеттерде соттағы баж құны айтарлықтай жоғары. Мысалы, Англияда төменгі сотқа талап етудің ең төменгі алымы - 17 мың теңге. Округтік апелляциялық сот - 68 460 теңге, жоғарғы сотта - 117 360 теңге. Ал, Франция мен Германияда 15 мың теңге болса, көрші Ресейде 10 мың теңгені құрайды екен. 

Н. Біләл