Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі мың мектеп асханасынының 350-і кемшілікпен жұмыс істеп келген

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2019
  • 2603

Елдегі екі мыңға жуық мектеп асханасының 350-і талапқа сай жұмыс істемеген. Білім ошақтарындағы олқылықтарды «Нұр Отан» партиясының өкілдері анықтады. «Мектеп асханасы» жобасының жетекшісі Алия Сахариеваның сөзінше, балалар тамақтанатын орынның дені санитарлық талаптарды сақтамайды. Айта кетейік, қазір өңірлерде партияның «Мектеп асханасы» жобасы жүзеге асуда. Соның аясында арнайы құрылған комиссиялар мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын бақылауға алған.     

Алия САХАРИЕВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ «МЕКТЕП АСХАНАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Аймақтарда көптеген кемшіліктер анықталды. Мониторинг бойынша жұмыстар әлі жалғасады. Асхана жұмысында тиісті талаптарды сақтамағандар туралы мағлұматты құзырлы орындарға жібереміз. Оларға қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен білім басқармасы тиісті шара қолданатын болады.

У. Қабылтай