Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда екі күннің ішінде теміржолмен 10 миллионға жуық адам қатынаған

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2019
  • 2137

Қытайда екі күннің ішінде теміржолмен 10 миллионға жуық адам қатынаған. Жаңа жыл мерекесі кезінде аймақтарға тарап кеткен тұрғындар демалыс біткен соң қалаға орала бастады. Тұрғындарды тасымалдап үлгеру үшін «China Railway» корпорациясы жол кестесіне қосымша 892 поез қосқан. Алайда, билет саны бәрібір тапшы көрінеді. Жұрт әсіресе Бейжің, Шанхай мен Гуанчжоу сынды шаһарларға жете алмай әуре. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, қазір елде теміржол көлігіне сұраныс артып келеді. Автокөлік кептелістерінен қажыған тұрғындар поезға ауыса бастаған. Қытай былтыр қатты жылдамдықпен жүретін шойын жолдарды ұзартқан болатын. Елде поез билетінің бағасы ұшақтан әлдеқайда арзан.  

А. Құрманкин