Русский Сайттың толық нұсқасы

Министрдің есеп беру кездесуі биге ұласты

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2019
  • 2336

Медицина саласында маман тапшы. Кадр жетіспеушілігі жайлы бүгін Денсаулық сақтау министрлінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елжан Біртанов тағы айтты. Тіпті, кей өңірлерде бір дәрігер бірнеше маманның жұмыс жүктемесін өтеп жүр екен. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасына кері әсер етуде. Дегенмен, ақ халатты мамандарды жұмысқа тарту - жергілікті атқарушы органдардың міндеті деді министр. Айта кету керек, биыл дәрігерлер жалақысы өседі. Осы мақсатқа 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:  

Дәрігерлердің түрлі деңгейде жетіспеушілігі бар. Анестезиолог-реаниматолог, психиатр, терапевт, акушер-гинеколог мамандар жетіспейді. Айта кету керек, штаттық лауазымдар тапшылығы жоғары емес.

Министрдің есеп беру кездесуі биге ұласты. Премьердің қабылдауына асыққан Елжан Біртанов есік табалдырығын аттай сала ведомство қызметкерлері жаппай орындарынан тұрып, жаттығу жасап, би билеуге кірісті. Денсаулық саласының мамандары «Healthy Break» деп аталатын шағын үзілісті дәстүрге айналдырған көрінеді.  

Н. Біләл