Елде көктемгі тасқын кезінде 500-ден астам елді мекен су астында қалуы мүмкін. Астанада өткен баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осылай деп мәлімдеді. Қауіптілігі жоғары Алматы облысы 75 елді мекенімен көш бастап тұр. Екінші орында Шығыс Қазақстан, ал қауіпті үштікте Ақмола облысы да бар. Комитет төрағасы тасқынды болдырмау мақсатында 2017 жылдан бастап Жол картасы іске асырылып жатқанын айтты.
Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Көктемгі тасқынның алдын алу үшін жыл сайын іс-шаралар санын көбейтіп келеміз. Дегенмен, табиғат тарапынан тосын жағдайлар болып жатады. Қардың көп түсуі істі қиындатады. Ал, биыл қауіптің алдын алуға тас-түйін дайынбыз. Ол үшін арнайы топтар да құрдық. Ақпан айының аяғына таман оқу-жаттығу жұмыстарын бастаймыз.
Ә. Өмірзақ