Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңілдікпен берілетін автонесиеге биыл 8 млрд теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2019
  • 2578

Жеңілдікпен берілетін автонесиеге биыл 8 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Автонесиелеудің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайыз. Жеңілдік несие 7 жылға дейін беріледі. Көлік құны 15 млн теңгеден аспау керек. Қосымша 2 млрд теңге коммерциялық техника лизингіне, яғни, ұзақ мерзімді жалға алуға бөлініп отыр. Аталған бағдарлама аясында 2015-2018 жылдары 13 245 темір тұлпар сатылып, 747 техника берілген.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сату жоспарлануда. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен бағдарлама бойынша орта есеппен жылына 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады. 18 жыл бюджеттік кредит беру автомобиль жасау саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Ал, биыл жың соңына дейін министрлік 416 маршрут бойынша 2 мың автобусты іске қоспақ. Олар облысаралық және халырақалық жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.  

А. Сейфулла