Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Жетісудағы бастауыш партия ұйымдары заманға сай жұмыс істеу үлгісіне көшті

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2019
  • 3172

Жетісулық бастауыш партия ұйымдары заманға сай жұмыс істеу үлгісіне көшті. Осы мақсатта оларға Орталық партия мамандары кадрлық резерв, әлеуметтік желідегі белсенділік пен толеранттық турасында екі күн семинар-тренинг өткізді. Курстан бас-аяғы 200-ден астам нұротандық өткен. Оқыту «каскадты әдіс» арқылы жүзеге асырылған. Яғни, білімін толықтырған ұйым жетекшілері өз қызметкерлерімен бөліседі. Нұротандықтар бұл әдіс қысқа мерзімнің ішінде үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді деп отыр. Семинар-тренингтер жыл бойы еліміздің әрбір өңірінде партия филиалдарында өткізілетін болады.  

Руслан ЖҰМАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ КАДРЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының тапсырмасына сәйкес партияны жаңғыртудың нақты жоспары жасалған. Сол жоспарға сәйкес бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл оқу семинар жұмыстарында партия қызметінің негізгі бағыттары: партиялық жобалар және партия мүшелерін, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын, белсенділерін шешендік өнерге, бүгінгі таңдағы қажетті дағдыларға үйретеді. 

Ә. Өмірзақ