Америка ғарыштық күш құрмақ. Дональд Трамп осындай бұйрық берілген құжатқа қол қойды. Ол Қарулы күштердің бөлек бір түрі болмақ. Құжатта ғарыштық әскер ғарыштағы «ұлттық мүддені» қорғау үшін құрылатыны жазылған. Әскери барлаудың баяндамасына сенсек, басты қарсылас Ресей мен Қытай. Пентагонның мәліметінше, ғарыш әскері Космостық басқаруды толықтыру үшін құрылады. Ғарыштық әскер космостағы ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін ұйымдастыру, әскери бөлімшелерді қаруландыру мен оқытумен айналысады. Әскердің жаңа түріне қанша қаражат бөлінетіні 180 күннің ішінде белгілі болмақ. Әзірге 5 жыл ішінде жылына 73 млн доллар бөлінеді деген ақпарат бар. Ал, оны құру туралы заң жобасын келесі дүйсенбіде Конгресс қарайтын болады.
Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл біз қадам басқан болашақ үшін. Біз қарсыластарға төтеп беруге дайын болуымыз керек. Бұл ұлтты қорғаудың өте маңызды бөлігі. Қарсыластар біздің қауіпсіздігімізді бұзу үшін ғарышта технологиялар ойластырып жатыр. Сондықтан, менің әкімшілігім космосты әскери әрекет ету аймағы деп танып, қауіпсіздік үшін ғарыштық күш құруды керек деп тапты.
Г. Меңдеева