Русский Сайттың толық нұсқасы

Бидай тасымалдайтын вагондар жетіспеушілігі толықтай шешімін тапты

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2019
  • 4247

Бидай тасымалдайтын вагондар жетіспеушілігі толықтай шешімін тапты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» пайдалану жұмыстар жөніндегі директорының міндетін атқарушы Күмісбек Матжанов мәлімдеді.  

Күмісбек МАТЖАНОВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ПАЙДАЛАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Бидай тасымалдауында жыл сайын болатын басты проблемалардың бірі - вагондардың айналымдылығы болатын. Өйткені, біздің вагондар Өзбекстан және Орта Азия елдеріне жүк тасымалдайды. Қазіргі уақытта бұл мәселе арнайы коммисия құрылғаннан кейін түбегейлі шешімін тапты. Бүгінгі күні бидайды тасымалдайтын вагондар артығымен бар.  

Айта кету керек, биыл компания жүк айналымын 3,5% арттыруды жоспарланып отыр. Ал, 2018 жылы темір жолмен 283 млн. тонна жүк тасымалдаған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 11 млн. тоннаға артық. Әсіресе, астық, ұнтақ, көмір тасымалында ілгерілеу бар. Тиелген жүктің 30 %-ы немесе 85 млн тоннасы экспортқа жіберілді.  

Н. Біләл