Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақша бөлінеді, бірақ нәтиже жоқ - М.Әбенов

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2019
  • 3557

«Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес көпбалалы отбасылардың проблемасын қатаң бақылауға алады. Бұл топ халық кірісін арттыру және жұмыс істейтін аналарды қолдау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге кіріскен. Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігіне көңіл толмаған соң мұндай кеңесті құру бастамасы бұрын да көтерілген. Мұны «Серпін» ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов айтты. Ол ведомстволардың бірігіп жұмыс істемеуінен миллиондаған қаражат тиімді игерілмеді деп санайды.  

Мұрат ӘБЕНОВ, «СЕРПІН» ҰЛТТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Әрбір мемлекеттік орган бюджетті өзіне қарай тартады. Таласады. Ақыр соңында оларға көп ақша бөленеді, бірақ нәтиже аз. «Нұр Отанның» бастамасы бір жағынан мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін біріктіреді, екіншіден қоғамды, бизнесті де шақырады. Ал, бөлінетін қаржыны реттесек, мәселе де шешіледі.

У. Қабылтай