Русский Сайттың толық нұсқасы

Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін уақытша атқаратын болды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2019
  • 2798

Үкімет отставкаға кетті. Елбасы қол қойған жарлықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын - делінген. Сондай-ақ, құжатта Премьер-министр міндеттерін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелетіндігі жазылған. Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Асқар Мамин осы уақытқа дейін Примьер-министрдің бірінші орынбасары болған еді. Ал, 1996-2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникациялар министрі сынды әр түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған болатын. Ал, 2008 - 2019 жылдар аралығында ол «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық тасымалдаушы компаниясын басқарған еді. 

Н. Біләл