Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арнап кітап шықты

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2019
  • 2576

Бүгін «Нұр Отан» партиясының съезі қарсаңында Партияның 20 жылдық тарихы жазылған жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Онда саяси ұйым құрылғаннан бергі жасалған жұмыстар реті баяндалған. Сондай-ақ, алдағы қойылған стратегияларды түсіндіруге басымдық беріліпті. Бұл кітаптың бір тарауы «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» жастар қанатына да арналған.  

Фархад ҚУАНҒАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Бұл кітапта архив материалдар, фото естеліктер ғана баяндалмайды. Онда еліміздің партия арқылы қол жеткізген жеңістері жазылған. Басты ерекшелік - бұл кітап партия төрағасы Н.Назарбаевтың көзқарасымен жазылды десек болады. Сондықтан, бұл тарихи кітап еліміз үшін өте маңызды жинақ болмақ.

У. Қабылтай