Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда дарынды балаларға арналған мектепте электронды ас мәзірі енгізілді

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2019
  • 2235

Тағамыңды өзің таңда. Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп -интернат электронды ас мәзірін енгізді. Енді оқушылар мен ата-ана апталық ас мәзірге өздері тапсырыс бере алады. Ол әр бейсенбі сайын ұсынылады.  

Әлішер ШАЛДЫБАЕВ, ОҚУШЫ:  

Мысалы, міне бірінші мәзір делік. Бұл жерде бізге қандай тағамдарды ұсынатыны барлығы көрсетілген. Мен йогурт ішкім келсе, ал келесі күні шай іле алам дегендей. Сондықтан да әртүрлі өзіме ұнаған тағамдарды таңдай алам және де бұл бағдарламаға тек компьтерден емес, гаджеттерден де кіруге болады.

Бағдарламаны білім басқармасының ақпараттандыру орталығы дайындаған. «Алдағы уақытта оны жетілдіріп, тамақтың құнын, оқушылардың талғамын, ата-ана тапсырысын бірыңғай жүйеге келтіру жоспарда бар»,-дейді мектеп директоры. Қазіргі таңда электронды мәзірді 440 оқушы қолданады.  

Ырысалды КЕЛІНБЕРДИЕВА, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫ: 

Тиімділігі біз біріншіден ата-аналар алдында ашықпыз. Яғни, әр ата-ана, оқушыларға логин, пароль берілді. Сол арқылы өз баласы қандай тамақ жеп отырғанын көре алады және бала өзіне ұнаған тағамдарын ала алады. Бірақ, дегенмен де біз әрбір күнде балалар нормасын қадағалап отырамыз.

З. Санай