Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттің саясатын жаңа деңгейге көтеру керек - Қ. Оспанов

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2019
  • 3041

Жаңа үкімет Президенттің барлық тапсырмаларын орындай алатын дағдарысқа қарсы шара қабылдауы керек. «Нұр Отан» партиясы жанындағы стратегиялық бастама институтының мамандары осылай деп отыр. Олар бұған дейін бірнеше рет Президент сынына ұшыраған Үкіметтің отставкаға кетуі тосын сый емес деп отыр. Дегенмен, сарапшылар министрлер кабинеті толық ауыспайды деп болжайды. Ал, енді жасақталатын министрлер кабинетінің жұмысын Парламент пен партия жіті бақылауы тиіс деп отыр.  

Қанат ОСПАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМА ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Келе жатқан съезде көп нәрсе айтылады. Соның ішінде Елбасының жаңа бағдарламасы жариялануы керек. Стратегиялық мақсаттар ғана қоймай, оны іске асыру механизмдері қажет. Бақылау механизмі керек. Бұл тұрғыдан қарағанда «Нұр Отан» партиясының рөлі де өсуі мүмкін.

А. Сейфулла