Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ тілін ағылшын тілділерге үйрететін сайт ашылды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2019
  • 2543

Латын әліпбиін енді «Soyle.kz» сайты арқылы үйренуге болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жаңа қаріптерді үйрену ыңғайлы болуы үшін интернет-порталдың мобильді қосымшасы да әзірленген. Сондай-ақ, осы сайтта қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер үшін онлайн-курс ашылды. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек орыс тілді азаматтарда ғана болатын.   

Азат ШӘУЕЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

«Сөйле.кз» деген онлайн-курсты жақсы білесіздер баршаңыз. Осыдан 4-5 жыл бұрын ашқанбыз. Осы уақытқа дейін 100 мыңнан астам адам тіл үйреніп шықты деп жатырмыз. Біздің Қазақстанда орналасқан шетелдің елшілері, басқа мемлекеттерде тұратын азаматтардан көптеген хаттар, өтініштер келіп түсіп жатыр, осыны ағылшынша, латынша нұсқасын ашсаңыздар екен деп.

Д. Қайыртай