Русский Сайттың толық нұсқасы

«Даму» қоры Маңғыстау әкімдігі және «ӨзенМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, «Нұр Капитал» бағдарламасын жүзеге асырмақ

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2017
  • 3636

Президент өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында аймақтардағы шағын орта бизнесті дамытудың маңыздылығын атап өтеді. Осыған сай енді кәсіпкер атану бұрынғыдан жеңілдей түседі. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры Маңғыстау әкімдігімен және «ӨзенМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, «НұрКапитал» бағдарламасын жүзеге асырмақшы. Жобаның мақсаты - 1 пайыз негізінде жеке кәсіп ашуға қол жеткізу. Кәсібін ашуға ниетті кез келген адамның жаңа жобаны пайдалануға мүмкіндігі бар. Бағдарламаның жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. 

Тың жобаның әзірге еліміз бойынша баламасы жоқ. Басты мақсат - кәсіпкерлікті ел экономикасының қозғаушы күші ету. Қаржыландыру «Даму» қоры арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» АҚ тарапынан да ақша бөлінеді. Жоба жергілікті атқарушы органға жер қойнауын пайдалану бойынша келісім шеңберінде жүзеге асады. 

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

Бұл жауапты бағдарлама. Мұнда еңбек саласының ғана емес, сананың жаңғыруы да аса маңызды. Мұнай саласының мәселелері мәңгілік емес. Бұл Маңғыстау облысының жобасы. Соңғы салымшы 1 пайыз көлемінде қаржы ресурстарын иемдене алады. Кейін өз өндірісін дамытуына есік ашық.

«Нұр Капитал» бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы тың жоба деп айтуға болады. Өз кәсібін ашқысы келген адамның жаңа жобаны пайдалануға мүмкіндігі бар. Бағдарламаның жалпы құны 1 млрд 50 млн теңге. Оның ішінде: «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан 350 млн теңге қаралса, «Даму» қорының қаржысы 700 млн теңгені құрап отыр.

Берік Нұрғалиев,  «Даму» қоры МО филиалының басшысы:

Біз қаржыны банктерге енгіземіз. Кейін кәсіпкерлер алған несие арқылы жаңа жобаларды қаржыландырады. Бұл 7 жылға дейін жалғасады. Себебі  біз бұл ақшаларды банкке қайтарып отырамыз,  банктер «Даму» қорына қайтарады. Екіншіден, бұл әзірге пилоттық жоба. Егер бағдарлама сәтті жүрсе, онда қосымша қаржы бөлу қарастырылады.

Венера Мұстапаева, Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Кім не айтса да, сандар бәрін көрсетіп тұр. Биыл жұмыспен қамтылғандарды көріп отырсыздар. Жаңаөзенде жағдай басқаша. Бизнеске жұмылдырылғандар мен қала тұрғындарын алсақ, ол 32 пайызға жуық. 10 пайызға төмен. Сондықтан бұл бағдарлама өте тиімді

Бүгін «Нұр Капитал» бағдарламасын дамыту бойынша үш жақты меморандумға қол қойылды. Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласы бір салалы шахар екенін айтады, сондықтан аймақта жаңа өндірістер ашып, оларды қаржыландыру аса маңызды. 

Базаргүл Отыншиева