Русский Сайттың толық нұсқасы

Онкологиялық аурулардың 50 пайызының алдын алуға болады-Е. Біртанов

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2019
  • 3673

Онкологиялық аурулардың 50 пайызының алдын алуға болады. Қазақстанда ең көп кездесетін әйелдердің жатыр мойыны қатерлі ісігін де емдеп жазуға мүмкіндік бар. Бұған науқастардың түрлі қауесетке сеніп, вакцинадан бас тартуы мен лоббистер әрекеті кедергі келтіруде. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов обыр дертімен күресті халықпен қайта талқылағысы келіп отыр. «Әйтпесе, қатерлі ісіктің алдын алуға бізде ақша да, мүмкіндік те бар»,- дейді. Ол бұл туралы «Нұр Отан» партиясының 18-ші кезекті сессиясының панельдік жиынында мәлімдеді. Министр ауыл-аймақтардағы медициналық пункттерде дәрігерлер саны көбейетінін де айтты. Сонымен бірге ауыл-аймақтардағы дәрігерлердің жалақысы 20 пайызға өспек.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Әр өңір бойынша жоспарлар қабылданған. Биылғы жылдың ішінде қосымша учаскілер, сонымен бірге қосымша дәрігерлер, мейірбикелер жұмысқа тұрады. Біз биыл да медициналық институтты бітірген мамандарды тікелей жаңа заң негізінде мемлекеттік мекемелерге, ауылдағы ауруханаларға жіберіп, 3 жыл жұмыс істеткіземіз

Ал, Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев ұстаз мәртебесімен қатар, бапкерлердің мәртебесін көтеруді ұсынды. Айтуынша, олардың жатттығу өткізу сағаттарын мұғалімдермен теңестіру керек. Мектеп медицинасын дамытуға да биыл көп көңіл бөлінеді. 

Серік СӘПИЕВ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бапкерлердің бар уақыты іс-сапарларда өтеді. Ұлттық құрамадағы бапкерлеріміз 9 ай бойы іс-сапарда, дайындықта, жарыстарда жүреді. Жеке өмірі мен отбасына бір жылдың 3 айын ғана бөле алады. Сондықтан, бапкер мәртебесін көтеру мәселесін талқылаймыз.

А. Сейфулла