Мәскеудегі қазақ студентінің өліміне байланысты тергеу басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Алдын-ала болжам бойынша 24 жасар жігіт есіктің тұтқасына асылып қалған. Денесін курстастары жан тапсырған соң 12 сағаттан кейін тапқан. Марқұмның ата-анасы да қазір Мәскеуде. Тексерулер аяқталған соң ғана мәйітті алып кете алады. Еске салайық, бүгін Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында қазақстандық студент Тамерлан Кирибаевтың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпар тарады. Ол химия факультетінің 5 курсында оқыған. Дарынды жас оқуға Менделеев олимпиадасының гранты арқылы түскен.
Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Өлімнің алдын-ала себебі тұншығу болып табылады. Кирибаевтың өліміне байланысты Мәскеудің Батыс әкімшілік округы тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады. Бүгін Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі Ресейдің сыртқы істеріне ресми хабарласып, істі бақылауға алуды, жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады.
А. Сейфулла