Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 4 университет пен бір академия сатылады

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2019
  • 2626

Қазақстанда 4 университет пен бір академия сатылады. Бәс сауда наурыздың жетісіне белгіленген. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтсақ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Жезқазған университеті мен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 35 пайыз акциясы саудаға шығады. Ал, Алматы энергетика және байланыс университетінің 33,65 пайызы сатылмақшы. Оқу орындарының құны 300 мыңнан 2,5 млрд теңгеге дейін жетеді. Барлығы осы күнге дейін мемлекеттік меншікте. 

Д. Қайыртай