Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда жарылыс болған көпқабатты үйдегі 5 пәтердің қожайыны табылмай жатыр

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2019
  • 3049

Таразда болған жарылыста қаза тапқан 23 жастағы қала тұрғыны бүгін жер қойнына тапсырылды. Қалған екеуі ертең жерленбекші. Ал, ауруханаға тағы бір адам тобық жарақатымен жеткізілген. Қазір емделіп жатқандар саны 4-ге жетті. Дегенмен, денесінің 50 пайызын күйік шалған қария мен тағы бір қыз баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деді. Қалғандары қалыпты деп отыр. Ал, билік бес пәтердің қожайынына іздеу салады.  

Бейсенбек ЖАНБОСЫНОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бізге хабарласпаған бүгінгі таңда 5 тұрғын үй иелерінің хабарласып өздерінің мұқтаж, мұқтаж еместігі туралы мәлімет берсе деп едік. Уақытша көшірілген тұрғындар бүгінгі таңда ыстық су мен медициналық жәрдемдермен қамтылған.

Кеше таңға жуық көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 30 пәтердің күллі көкке ұшты. Болжам бойынша, газ атылған. Қираған үйдің жағдайын комиссия тексеріп жатыр. Ол қалпына келтірілуі мүмкін. Бірақ, тұрғындардың қайта оралғысы жоқ.  

Мадина АБДУАНОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Ипотекаға алған үйім. «Осыны қайтадан соғып береміз. Бір айдан кейін келіп «,- дейді. Керек жоқ ондай үй бізге. Оданша далада киіз үйде тұрайық. Не газды келіп тексермейді. 700 алады ай сайын ұялмай. Сөйтеді де газдан ақау дейді. Кімнен кінә? Өтіріктен тұрғындардан деп қояды.

Д. Әлімқұл