Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде тыйым салынған 20 шақты деструктивті ағым бар

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2019
  • 3146

Елде тыйым салынған 20 шақты деструктивті ағым бар. Оның шырмауына түскендерді құтқару үшін әрқайсысына жеке-жеке методика керек. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа жиынында теолог Асқар Сабдин осындай ұсыныс айтты. Бүгінде теологтар жұмысының нәтижесі 20 пайызды ғана құрайтын көрінеді. Исламтанушы: «Бұларды райынан қайтарудың әмбебап әдісін психолог, психиатр, әлеуметтанушы, тарихшылардың көмегімен жасау керек», деп отыр. 

Асқар САБДИН, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ТЕОЛОГ-ИСЛАМТАНУШЫ: 

Әрбір ағымның адамымен қалай жұмыс жасау керек? Олар, әрине, әртүрлі, олардың ойлары, олардың ұстанымдары, сенім жүйелері әртүрлі. Әртүрлі. Мына қолданып жүрген әдісті басқасына қолдану кейде қиын болып қалады.

Г. Меңдеева