Ал, 20 жылдық мерейтойға орай партиялықтар саны 3 мың адамға толықты. Су жаңа «нұротандықтар» қатарында түрлі сала өкілдері бар. Бизнес, өнер және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйым басшылары мен өнеркәсіп өкілдері. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев оларды бүгін салтанатты түрде партия қатарына қабылдады. Өз қолымен партия билетін тапсырды. Бұл кезегінде үлкен жауапкершілік. Қатарға жаңадан қосылғандар алдағы уақытта еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатындарын жеткізді.
Әділ АХМЕТ, АКТЕР:
Мен үшін үлкен мәртебе осындай мерейлі жылы, «Nur Otan» партяисының 20 жылдығына орай партия мүшесі атану. Біз енді жалпы өзіміз билік пен халықтың арасындағы бір дәнекерміз ғой, өнер адамдары. Біз актер болғандықтан әрқашанда халықпен тығыз байланыстамыз. Кішігірім болса да әйтеуір қолдан келгенше елімізге үлес қосу парызымыз, міндетіміз деп білемін.
Бүгінде «Nur Otan» партиясы алдында Үкіметпен бірлесіп, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды төрт жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Ол:«Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл - ел бесігі» және «Халыққа көмек» жобалары.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Сәрсенбі күні өткен съезде Елбасымыз партияның алдында тұрған үлкен мақсаттарға тоқталып, біраз тапсырмалар берді. Съезде берген тапсырмаларды бәріміз бірге, бірігіп, тиянақты, сапалы, уақытылы орындауға бар күш-жігерімізді саламыз деп сенемін. Біздің өткен 18-ші кезекті съезіміз партияның дамуындағы, партияның тарихындағы сондай үлкен белес, үлкен кезеңді ашып берді деп айтуға толықтай негіз бар.
Ә. Өмірзақ