Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуда

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2019
  • 3746

Шымкентте мұқтаж отбасыларға арнап жатақхана салынып жатыр. 80 орындық баспана қараша айында пайдалануға беріледі. Оған ең әуелі пәтер кезегінде тұрған көпбалалы және аса зәру жандар жайғастырылады. Ал, Қызылорда өңірінде алпыс теміржолшы отбасы жақында қоныс тойын тойламақ.  

Шымкент қаласының тұрғыны Меруерт Жұмаділләева бүгін «Nur Otan» партиясына арнайы келді. Ол төрт баланың анасы. Алды 10 жаста, ал кішісі жасқа толмаған. Айтуынша, мемлекеттен берілетін жәрдемнің ешбірін алмайды.  

Меруерт ЖҰМАДІЛЛӘЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Тұрғын үй сұрадым, жәрдемақы сұрадым. Кеңесін алдық. 20 мыңға ілігесіз деп жатыр ғой енді. Күйеуімнің 40 мың ақ айлығы бар. Ал, адам басына шаққанда 6 мыңнан тиеді.

Бас партия өткізіп жатқан тақырыптық қабылдауға келгендердің дені баспана жайын қозғады. Арасында жұмыссыздық, баласының мүгедектігін рәсімдей алмай жүргенде де мәселелерімен бөлісті. Нұротандықтар қалада тұрғын үй құрылысы жүріп жатқанын жеткізді. «80 отбасылық жатақхана да мұқтаж жандардың мәселесін шешпек»,- деді.    

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Арнайы көпқабатты көпбалалы аналарға және осындай жағдайға түскен отбасыларға арналған жатақхана салынады осы жылы. Ендігі мәселе көбісінің кезекке тұра алмай жатқанын айтып отыр. Кезекке тұра алмаған ол заң талабына сәйкес. Осы Шымкент қаласына келген, жұмыс іздеп келген. Бірақ, арнайы тіркеуге, пропискаға отырмаған. Ал, заң талабы бойынша үш жыл осы Шымкент қаласының тұрғыны болу керек. Одан кейін ғана кезекке тұрғызады.

Ал, Қызылордада теміржол саласында еңбек етіп жүрген алпыс отбасы биыл қоныс тойын тойлайды. Сексеуіл кентінде 32 пәтерлі көпқабатты үйлер салынып жатыр.  

Амангелді АРЫСПАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «ТЕМІРЖОЛ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Теміржолшыларға түсіндірме жұмысын жүргізіп жатырмыз. Әлеуметтік жағдай, тұрмыстық жағдайды жақсарту жағынан. Бірінші жобалардың біреуі-Сексеуіл кентіндегі бес бөлмеден 60 жас жанұяға үй берілгелі жатыр. Ол деген үлкен жетістік деп ойлаймыз.

Ал, Қызылжар өңірінде бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру сөз болды. Аймақтағы 14 мыңнан астам маманның жалақысын 30 пайызға көтермекші. «Білім» бастауыш партия ұйымының жиынында азаматтардың жалақысы мен әлеуметтік қолдауға бюджеттен 90 млрд теңге қаралғаны айтылды. 

Антонина САЧКОВА, «БІЛІМ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Елбасы саясаты халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді. Біз, яғни, бюджеттік сала өкілдері бұл саясаттың оң әсерін сезіп отырмыз. 1 қаңтардан бастап біздің мектепте 20 маманның жалақысы өсті. Шілдеден бастап төменгі жалақы алып жүрген қызметкерлердің де еңбекақысы еселенетіні қуантады.

Ал, партияның маңғыстаулық өкілдері кадр тапшылығын шешуде белсенділік танытпақ. Аймақта невропатолог, хирург мамандары қат. Бұдан бөлек физика, химия және орыс тілі пәнінің мұғалімі тапшы. Әуелгі кезекте олардың жатын жайын шешу жағы қарастырылып жатыр.   

А. Төребекқызы