Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі амбулаторлық хирургия орталығы ғимаратты екі күнде босатуы тиіс

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2019
  • 2986

Шымкентте бүтін бір аурухананың қызметкерлері адам қабылдаудың орнына көшіп-қонумен әуре. Тіпті, жасау-жабдығын жаңа орынға жеткізу үшін өз қалталарынан ақша жинауға мәжбүр екендерін айтады. Айтуларынша, олар екі күн ішінде өздері отырған ғимаратты босатулары тиіс. Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшесінде ұзын саны 200 адам еңбек етеді. Ұжымға көшу туралы жұма күні кешкісін ғана хабарланыпты. 

Серік АЛТЫНБЕКОВ, ДӘРІГЕР-ГИНЕКОЛОГ: 

Дәрігерлер қай жаққа баратынын білмейді. То көшеміз, то көшпейміз. БСМП-ға барсақ, БСМП біз көшіруге дайын емеспіз дейді. Бұл жақтан әр врач өз кабинетін көшірем дейді. Бір кабинетке 1 камаз керек, 1 камаз керек. Бұл жерде неше кабинет бар? ЦАХ та... Сонда әрқайсысы за свой счет көшу керек пе? Организация ноль.

Валида ХАЙТМЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Врач жоқ. Олар көшіп жатыр, өздерімен өздері бәрі. Неғылу керек? Мынаның жарасы ашық. Білмейм мазь істеймін бе, жабам ба, өзім барып тігейін бе үйге барып, не істейін? Сенбі, жексенбі соны көшіп бітірмейді ме немесе ашып қойсын ана жақты бәрін дайындап қойсын да

Белгілі болғанындай емдеу мекемесінің бір бөлігі №1 қалалық клиникалық ауруханаға қосылады, өзгесі сол күйі жарақат бекетінің ғимаратына көшеді. Алайда, ондағы нысанның жағдайы мәз болмай тұр. Десе де, денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл көшіп-қонуды саладағы оңтайландыру деп түсіндірді. Ғимарат тапшылығы мәселесін шешудің бір амалы. Ал, босаған ғимаратқа оңалту орталығы мен келешекте перзентхана жайғасады. Оған дейін күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмек. 

Темірхан ВАРЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл бөлімшеге басқа жаққа көшетіні туралы қаңтар айында айтылған. Ұжым бәрі хабардар. Ешкім қарсы емес. Ал, қызметерлердің көшіп-қону мәселесін екі мекеменің басшылары ұйымдастыруы тиіс болатын. Ал, ақша жинау мәселесі бойынша тиісті шара қабылдаймыз. Жалпы бұл қаладағы ғимарат тапшылығын шешудің де бір амалы.

А. Төребекқызы