Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2019
  • 2490

Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, 1 адам оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс белгісіз заттың тұтануынан болған. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Жарылыс өртке ұласқан. Оқиғадан 3 адам зардап шекті. Қайтыс болған адамнан бөлек, сол пәтерде болған 33 жастағы ер адамның денесін күйік шалған. Тағы 2 әйел түрлі дене жарақатын алыпты. Дәрігерлер науқастардың жағдайы қалыпты екенін айтты. Қазір ем қабылдап жатыр. Өрт 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында болған. Құтқарушылар тұрғын үйден 60-қа тарта тұрғынды эвакуациялады.  

Канадан АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі уақытта бір адам қайтыс болды. Екінші адамды ожогпен 50 пайыз денесін 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Бригадалар жеткілікті, жұмыс істеп жатыр.

Т. Оспанбаева