Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық 30 жастағы шенеунік жұмыс орнында асылып қалды

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2019
  • 5324

Әкімдікте шенеунік асылып қалды. Ол Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған. Полиция департаментіндегілер оқиға кеше кешкі 9-да болғанын хабарлады. Хасен Тоясовтың денесі табылғаны туралы хабар түскен. Мекеме күзетшілері марқұмды басшының демалатын бөлмесінен тауып алыпты. Басқармада 2011 жылдан бері жұмыс істеген Хасен Тоясов осыдан төрт ай бұрын басшының орынбасары лауазымына тағайындалған. Қазір полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.  

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Өлімнің алдын-ала себебі - механикалық асфиксия. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Е. Карин