Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрғын үйдегі жарылыс дәрілік заттан болған

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2019
  • 3494

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде болған жарылыстың себебі анықталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жарылысқа дәрілік зат себеп болған. Себебі, таныса қонаққа келген ер адам өзімен бірге 6 қорап дәрілік зат ала келген. Артынан оны тексеріп көрмек мақсатымен жаққан кезде өрт шығып, жарылған. «Бұл зат аң аулауда оқ дәрілік сипатта қолданылады», - дейді полиция мамандары.  

Юрий КОЛЕСНИКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодектің 292 бабы, яғни, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, байқаусыздақтан, адам өліміне әкеп соқтыру бойынша іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше облыс орталығындағы үйлердің бірінде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан болатын. 1 адам қаза тауып, 3 тұрғын зардап шекті. Оның біреуінің денесін 50 пайыз күйік шалған. Науқастың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Қалған екі адам ем-домын алып үйіне босаталған.

Ө. Қуанар