Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда 1 жастағы сәбидің өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалмақ

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2019
  • 5164

Көкшетауда 1 жастағы сәби қайтыс болды. Оған бір күн бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе жасалған. Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Әзірге дәрігерлер екпенің сәби өліміне қатысы бар-жоғын айту ерте деп отыр. Сот-медициналық сарапта бір ай ішінде дайын болмақ. Былтыр қараша айынан бүгінге дейін Ақмола облысында 170 адам қызылша жұқтырған. Науқастардың тең жартысы вакцина салдырудан бас тартқандар көрінеді.  

Айнагүл МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Екпе салдыруға қатысты қазір жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатырмыз. Бұл ақпарат бүгін ғана келіп түсті. Сот-медициналық сараптамасы 1 айдың ішінде аяқталады. Содан соң нақты ақпарат береміз.

А. Бектас