Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың алпауыт компанияларының акциялары саудаланбақ

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2019
  • 3486

Қазақстан қор биржасында Американың әйгілі компанияларына тиеселі акциялар саудаланатын болады. КАSЕ сауда алаңына «Apple», «Starbucks», «Facebook» және «Microsoft» сияқты алпауыттардың бағалы қағаздары шығарылды. Алайда қор биржасының жетекші мамандары бұл акциялар бағалы қағаз нарығындағы ойыншыларға ғана қызық болуы мүмкін деп отыр. Бұл бастаманы «Фридом Финанс» қаржы үйі қолға алды. Мысалы, «Apple» корпорациясының жария болған бағалы қағаздарының саны 12,5 миллиард дана. «Starbucks Corporation»-ның 2,5 миллиард қарапайым акциялары мен 7,5 млн. дана айырықша акцияларын саудалайды. Сондай –ақ, КАSЕ алаңына «Microsoft» 24 миллиард, «Facebook» 5 миллиард дана бағалы қағаздарын шығарғаны белгілі болды. Әйгілі компанияларға тиеселі бағалы қағаздардың қай күннен бастап саудаға қойылатыны беймәлім. Сондай-ақ, олардың қай валютамен сатылатыны да қарастырылып жатқан көрінеді. Қазақстан қор биржасының мамандары бұл өте қызық әрі тартымды акциялар екенін айтады. «Ірі компаниялардың акцияларын жекелеп сатып алатын ойыншылар үшін бұл тиімді»,-дейді қаржыгерлер.   

Наталья ХОРОШЕВСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жеке бағалы қағаздар саудасымен айналысатын, яғни, акциялардың азғантай бөлігін ғана сатып алып, пайда табатын брокерлер үшін тиімді. Олардың қаржы айналымына оң әсері болады. Шетелге барып инвестиция салғаннан гөрі елімізге өзі келген қызықты акцияларды сатып алу мүмкіндігі туды. Енді ойыншыларды сауда алыңында күтеміз.

Р. Асқарбекұлы