Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жаңадан енгізілген әлеуметтік бастамалар 11 наурыздан жүзеге асады

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2019
  • 3385

«NUR OTAN» партиясының соңғы съезінде қабылданған әлеуметтік шаралар Алматыда наурыздың 11-нен бастап нақты жүзеге асатын болды. Оның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналар, аз қамтылған көпбалалы аналарға коммуналдық, балабақша, шәкіртақы бойынша уәде етілген төлемдер берілетін болады. Бұл туралы бүгін партияның қалалық филиалындағы саяси бюро отырысында Бауыржан Бәйбек мәлімдеді. Қалалық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 7 түрлі ұсыныс әзірлеп отыр. Ол бойынша 3700 студент 10 мың теңге көлемінде қосымша шәкіртақы алады. Ал 710 бүлдіршін балабақшаға жеңілдетілген төлемақы бойынша қабылданады. Сондай-ақ, 900 студентке жұмыс тапқан жағдайда, мемлекет 63 мың теңге жалақыны бюджет есебінен төлеп бермек.  

Бауыржан БӘЙБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз 1200-дей ананы осы күнге дейін қабылдадық. Сұрақтар жүйеленді. Бүгінгі отырстың мақсаты соны халыққа жеткізу. Жоспарлар бекітілген соң әрбір партия мүшесі қабылдау бөлмелері арқылы болсын, осыны халыққа жеткізуі тиіс. Керек болса, әрбір отбасына дейін барып, түсіндіріп, тіпті қолынан алып, апарып жағдайын жасау керек. Тек қоғам болып, ел болып жұмыс істсек, әрбір отбасына жетеміз.

Қалада 10 мыңға жуық көпбалалы ана бар, ал 1200 көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Әкім алдағы жылдары оның барлығы баспанамен қамтылатын болады деп сендірді.

Р. Асқарбекұлы