Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық нәзік жандылар қауымына 1001 қызғалдақ таратылды

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2019
  • 3886

Астаналық нәзік жандылар қауымына 1001 қызғалдақ таратылды. Мереке қарсаңында бұндай әдемі акцияны ерікті қала жастары әкімшілік және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырған. Ондағы мақсат - елорда көшелерінде күнделікті тіршіліктің қамымен журген аруларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ, гүл шоқтарынан бөлек арнайы мерекелік концертке деген 500 билет табысталды. «Биыл 1-ші жыл өтіп жатқан акция дәстүрге айналып, келесі жылы да өз жалғасын табады»,-дейді ұйымдастырушылар.

Ертең келіңіз. Үлкен жұлдыздардың қатысуымен галаконцерт өтеді. Сізді сол жерде күтеміз. Тағы да мерекеңіз құтты болсын, апа!  

Айналайын, көп рақмет. Еңбектерің жансын! Көп рақмет! -Күшті ғой, әйелдер прям қуанышты ғой...

Отанымызда тыныштық болсын, самое главное! Сендер де бақытты болыңдар! Мен секілді 83-ке келіңдер!

Ә. Өмірзақ