Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктем шуағы! Президенттің көп балалы аналармен кездесуінен

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2019
  • 3530

Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Есләмова: «Ол "Айка" фильмін көргенін айтып, ризашылығын білдірді. Қазақстан тұрғындарының отбасын тастап, басқа мемлекетке ақша табуға бармағаны керек. Әсіресе аналар. Бұл аса маңызды деді", - деген Президент өткізетін дәстүрлі «Көктем шуағы» кездесуінен кейін. Самал: «Ең алдымен Мемлекет Басшысы жақсы адам екенін сезесің», - деген жүздесуден алған әсерімен бөліскенде. «Көктем шуағында» Н.Назарбаев нәпақа іздеп, Мәскеуге барған, одан бармақ тістейтін қателік жасап, адасқан эмигрант қырғыз қызының рөлін тамаша сомдаған Самалды мақтай келе, «Ең бастысы – тәуелсіздіктің 27 жылында қазақстандықтардың басқа елдердің азаматтары сияқты нәпақа іздеп сандалып кетпегені», - деді. 

8 наурыз мерекесіне орай өткізілетін шараның биылғы ерекшелігі, тіпті кереметі - кездесуге келген әр үшінші әйел – көп балалы ана. Н.Назарбаев қос бірдей көп балалы анаға өз қолымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» тақты. Жеті баланың анасы 36 жастағы атыраулық Алтынай Бөкенбайқызы алтыннан алқа тақты. Ал Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстазы, ғылым кандитаты Мәншүк Мәмбетова «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.

Мәншүк МӘМБЕТОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА, ҰСТАЗ:

Менің аяқ астынан тамағым жыбырлап, жөтел қыса жөнелді. Сол кезде Елбасы қасыма келіп, бір дәрі беріп кетті. Сол дәріні жеген соң жөтелім аяқ асты қойып, жақсы болып қалдым. Сондай қамқор кісі екенін байқадым. Өте ыстық, сондай бір жылы кездесу болды.

Президент әдеттегідей әдемі әзілдеп те отырды. Отбасындағы татулықтың сыры комбинациясы көп құлып емес екенін еске салды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі көрші тұрады екен. Біреуінің үйінде ылғи жанжал, ал екіншісі тып-тыныш, тату-тәтті өмір сүреді. Сонда бірінші отбасының отағасы әйеліне айтады, сен көршіге тығылып барып, неге жанжалдаспайтынын біліп келші. Жаңағы келіншек көршіге барып, тығылып біраз отырады. Ол үйдің әйелі үйді жинап жүріп, үстелге өте қымбат бір вазаны қояды. Жұмысқа асығып бара жатқан күйеуі бақамай, қолымен қағып кетеді. Анау қымбат ваза жерге түсіп сынады. Күйеуі кешірім сұрай бастайды. Әйелі болса, «Жоқ, сенің кінәң жоқ, мен вазаны шетке қоймауым керек ед» деп, шыр-пыр болады. Сөйтіп, бір-бірінен кешірім сұрайды. Анау келіншек үйіне келгеннен кейін күйеуі не көрдің деп сұрайды. «Олар бәріне өздерін кінәлі деп санайды, ал біз менікі дұрыс деп қайтпаймыз» дейді келіншегі. Сондықтан біреуі айтқан кезде екіншісі шегінсе, ештеңе етпейді. Кешірімді болған жерде әр уақытта ынтымақ болады.

«Атыраунефтемаш» серіктестігінде кран машинисі болып істейтін Айжан Асмағанбетова төрт баланың анасы. Әйелдерге ауыр мамандықты үгіттейтін советтік қылығымыз жоқ. Мәселе – адамның таңдаған жолында майыспағаны. Әйел бақытын, Ана бақытын сезінгені.

Айжан АСМАҒАНБЕТОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА, КРАН МАШИНИСІ:

Әр жұмыстың өз қиындығы болады ғой, бірақ мен үйрендім. Қазір коллективімде кілең еркек адамдар. Жолдасым екеуміз де бір салада жүргесін бізге ортақ әңгімеміз бар. Бізге оңай деп ойлаймын.

апаландыратыны - елімізде үйленгендердің 20 пайызы ажырасып кетеді. Президент оның себебі - жастардың ойластырылмаған әрекеті, ата-ана тәрбиесі және жоқшылық, деді.

Шақырылғандар: кәсіпкер, ғалым, ақын, әнші, актриса, полиция капитаны, кран машинисі, мемлекеттік қызметкер – бәрі-бәрі әйелдер қауымының асқақ арманы әр шаңырақтың, бүтін елдің бейбіт және берекелі өмір екенін бейнелейді. Бейбіт және берекелі өмір бұлыңғыр болашақта емес. Өткенде съезде айтқандай, қазір және осы жерде.