Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендік қыз-келіншектердің қызықты хоббиі

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2019
  • 3699

«Жаратқанның ырқынан туған ең кемел туынды – әйел» деп жатады. Ал сол әйел затының қолынан туған дүние қайткен күнде де таңдандырмай қоймайды. Өскемендік қыз-келіншектер салған мына суреттер секілді. Олар мереке қарсаңында романтикаға бой алдырып, өздеріне сыйлық жасады. 3 сағаттық шеберлік сабағында әйелдер ақ кенепке Париждегі көктемді бейнеледі. Сөйтіп махаббат пен сұлулықтың астанасына қиялдарымен барып қайтты. Әр әйелдің көзінен Эйфель мұнарасы мен Монмартр кварталына өз терезесінен қарағандай тамсанғанын көрдік дейді біздің меншікті тілшіміз Ирина Якунина. Суретті соңғы рет мектепте салғанмен, біздің тілшіміз де тәуекел етіп көрді.  

Оларға мұндай қуанышты сәтті сыйлаған Анна мен Инесса. Арт-жобаның авторлары күйбең тіршілікте шығармашылыққа көңіл бөлуді де ұмытпау керек дейді. Тым құрығанда айына бір рет. 3-ақ сағат. Анна мен Инесса мамандығы бойынша инженер. Инженерлердің нәзік жаны туралы әңгіме рас екенін олар да дәлелдейді.

Юлия АГАРКОВА, ӨСКЕМЕН ТҰРҒЫНЫ:

Мы вдохновляемся именно такими вещами, а мужчин вдохновляют женщины. А женщины вдохновляются вот этим. Это самое важное!

Анна САСАКИ, АРТ-ЖОБАНЫҢ АВТОРЫ:

Кез келген әйел сурет салуға қажетті қымбат материалдарды сатып ала алмайды. Әркім кескіндеме үйірмесіне не шеберлік сабағына уақыт тауып, қатыса бермейді. Ал кешкісін, еркін атмосферада отырып, қарапайым ғана картина салуға уақыт бөлуге болады. Өз қолыңнан шыққан туындыны үйіңе іліп қойсаң да, біреуге сыйға тартсаң да керемет емес пе?! Біз құрбымызбен осындай идеяны ойлап, туған қаламызда іске асырып көрдік.

Инесса ХАЛИКОВА, АРТ-ЖОБАНЫҢ АВТОРЫ:

Мұнымен тоқтап қалғымыз жоқ. Өзімізге де, қонақтарымызға да ұнайды. Олардың рақметі, ырза болған кейіптері бізді одан әрі қанаттандырады!