Русский Сайттың толық нұсқасы

Медицина саласына бөлінетін қаржының 43 пайызы алғашқы санитарлық-медициналық көмекке аударылады

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2019
  • 3326

Бұдан былай медицина саласына бөлінетін қаржының 43 пайызы алғашқы санитарлық-медициналық көмекке аударылады. Бұл туралы Атырауда медицина қызметкерлерімен «Нұр Отан» партиясы өткізген кездесуде айтылды. Жиында партияның ХVІІІ съезінде көтерілген мәселелер талқыланды. Бүгінде атыраулық емханалар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы кезек проблемасын реттеген. Дәрігерлер электронды құжат айналымы жүйесіне көшті.   

Сайфолла САПАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АФ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН САЯСАТТАНУШЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі кезде қайнап тұрған мәселенің бірі - осы медицина саласы. Елбасымыз атап өтті, қазіргі кезде қолжетімді медицина - өзекті проблема. Осы бағытта облыс көлемінде жасалып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде, партияда қабылданған шешімдер, оны жүзеге асырудың механизмдері туралы бүгін үлкен әңгіме болды.

Б. Нәдірқызы