Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық авиакомпаниялар 10 күннің ішінде тексеріледі

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2019
  • 3041

Ал Қазақстандық авиакомпаниялар 10 күннің ішінде төтенше жағдайда дайындық жоспарын көрсетуі тиіс. Бұл туралы «Астана» арнасына Азаматтық авиация комитеті өкілдері айтты. Эфиопияда 157 адам опат болған әуе апатынан кейін отандық ұшқыштар теориялық және арнайы практикалық дайындықтарын пысықтау туралы тапсырма алды. Қазірге дейін Қытай, Индонезия, Сингапур, Бразилия, Мексика, Австралия, Эфиопия елдері «Boeing 737» ұшағынан бас тартып үлгерді. Қазақстанда ұшақтың аталған моделі біреу ғана. Бірақ «Скат» әуекомпаниясы оны әлі қолданады. 

Даулетбай СЕРІКБАЕВ, ҚР ИИД АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ҰШУ ЭКСПЛУАТАЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА АВИАЦИЯЛЫҚ САРАПШЫСЫ:  

Кеше біз әуе компаниялары өз шараларын бекіту үшін радиобағдарлама бердік. Арнайы процедураларымыз бар. Қазір теориялық дайындықты қайталау керек, Сосын тренажерда, әуеде жасайтын жаттығуларымыз бар. 21 наурызға дейін олар бізге қандай жоспар жасағандары туралы баяндау керек. Экипаж көп. Оның бәрін рейске қойғандары, тренажер жоспарлары жайлы жауап күтеміз.  

Ал «Boeing» әуе компаниясының акциялары 10%-ға құлдырап та кетті. Компания 13 наурызда «Boeing 777Х» кеңейтілген ұшақ түрін таныстырмақ болған. «Рейтерстің» хабарлауынша, бұл да кейінге шегеріліпті. Бұдан бөлек, келер аптада «Boeing 737 MAX» ұшағына жаңа бағдарламалық қондырғы орнатпақ. Бірақ, осымен 2-ші рет көктен құлаған ұшақты АҚШ үкіметі әлі де қауіпсіз деп есептейді.  

Джим КОРРИДОР, BOEING ӨНЕРКӘСІПТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Егер тағы мәселе туындайтын болса, Boeing оны шешу үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Қазір инвесторлар алаңдап отыр. Сонда да «Boeing» ұшақтары қауіпсіз деп есептейміз. Олар ұшқыштарға бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеуді тапсырды. «American Airlines», «Southwest Airlines» және «Юнайтед» ұшақтарды қауіпсіз деп санайды.

А. Сейфулла