Русский Сайттың толық нұсқасы

«Air Astana» ұшағынан түскен жолаушының тырысқақ жұқтырған-жұқтырмағаны 2-3 күннен соң белгілі болады

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2019
  • 2822

«Эйр Астана» ұшағынан түскен жолаушының тырысқақ жұқтырған-жұқтырмағаны 2-3 күннен соң белгілі болады. Науқас дереу Астанадағы инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Оның қасында болған азамат та тексерілмек. Бұл туралы Үкімет үйінде Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты. Ұшаққа Үндістаннан мінген Украина азаматтары елдеріне Қазақстан арқылы жетпек болған. Олар Үндістанда 2 айдай болған. Ұшақтағы инфекционист тырысқақ жұқтыруы мүмкін жолаушыны дереу оқшаулап, өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Ал әуежайда жедел штаб құрылып, ұшақ өзге аумаққа қонады. Сол жерде 136 жолаушы түгел тексерілген. Бас санитар олардың денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Жандарбек БЕКШИН,ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ: 

Науқас пен оның қасындағы әріптесіне диагнозды анықтау үшін ауруханаға жатуға кеңес бердік. Басында қарсы болған, кейін келісті. Оларға бактералогиялық зерттеу жүргізіледі. Ауруханада да оқшауланды. Тырысқақ екенін растау үшін 3 рет алынған анализ оң болуы тиіс. Нақты диагноз 2-3 тәуліктен соң қойлады. Қазір оны растай алмаймыз. Тырысқақ аяқасты болатын өткір инфекциялық ауру. Дәрігерлер көмектеспесе науқас өліп кетуі де мүмкін.

Өткен жылы Алматыда Үндістаннан келген туристер арасында 5 жағдай тіркелген. Олар дер кезінде оқшауланып, ауру тарап кетпеген. Былтыр әлемде 73 мыңнан астам адам тырысқақпен ауырған. Оның 2 мыңдайы қаза тауыпты. Науқастардың көбі Африкада тұратындар. 

Г. Меңдеева