Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік бюджет 821 млрд теңгеге ұлғаяды - ҚР Қаржы министрі

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2019
  • 3010

Доллар бағасы 370 теңгеден аспайды. Ал мұнай баррелі 55 доллар шамасында болады. Ұлттық экономика министрі биылға осындай болжам жасайды. Бүгін 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Қаржы министрі инфляция 4-6 пайыз деңгейінде болады деді. Сондай-ақ, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға әлі де 820 миллиард теңге жеткіліксіз. Премьер-министрдің орынбасары оны Ұлттық қордан аламыз деп отыр. Ал «Нұр Отан» партиясы съезінде Президент айтқан әлеуметтік шаралар үшін 444 млрд теңге былай бөлінбек.  

Әлихан СМАИЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: 

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту - 224,3 млрд. теңге, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдікті кредит беруді енгізу -100 млрд. теңге, өңірлік инфрақұрылымды дамыту 90 млрд. теңге, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру - 30 млрд. теңге. Екінші бағыт «Жастар жылын» өткізу шеңберінде іс-шараларды іске асыру 24,6 млрд. теңге.

А. Сейфулла